Италияның портты қаласы Катанияда мыңдаған тұрғын митингке шығып, биліктен тез арада босқындар мәселесін біржақты етуді талап етуде. Бұл туралы www.lci.fr хабарлайды.
Еске салайық, Мальта үкіметі қабылдаудан бас тартқандықтан, 177 босқын тиелген «Diciotti» кемесі 20 тамыз күні Сицилияға жеткізілген еді. Италияның Ішкі істер минисрі Маттео Сальвини кемедегі кәмелетке толмаған 27 жеткіншектің ғана жағалауға шығуына рұқсат еткен болатын. Мәселе әбден ушыққандықтан, кемедегі босқындар аштық жариялауға дейін барғанын жазған едік. Осыған байланысты «Twitter» әлеуметтік желісінде өз ұстанымын білдірген Сальвини: «Ойларына келгендерін жасасын. Италияда 5 млн адам жоқшылықта өмір сүруде. Олардың 1,2 млн-ы балалар. Олар сонда да, журналистер мен белсенділердің назарына түсу үшін аштық жарияламайды», - деп жазған еді. 2018 жылдың алғашқы сегіз айында Италияға 16,6 босқын келген екен. Осыдан біраз бұрын ел үкіметі заңсыз босқындарды өз территориясына алуға қатысты шешімдерін қайтадан қарайтынын мәлімдеп, Еуроодаққа осы мәселені тез арада реттеуге шақырған еді. Енді, қазіргі уақытта әбден шиеленіскен босқындар туралы мәселеге халық та араласа бастағанын байқаймыз. Митингке шыққан тұрғындар дәл осы босқындардың кесірінен жұқпалы аурулардың да тарап жатқанын айтып, наразылықтарын білдіруде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті