Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесті.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Құрбанғұлы Бердімұхамедовпен Түркіменстанның Түркіменбашы қаласында кездескен. Кездесу барысында екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздік, транспорттық-транзит және сауда-экономикалық байланыс салаларын дамыту жөнінде сөйлескен.
Естеріңізге салайық, бүгін Түркіменбашы қаласында Арал теңізін құтқару қорын құрушы елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтуде. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінің президенттері қатысуда. Арал теңізін құтқару қоры 1993 жылы жоғарыда аталған бес мемлекеттің бастамасы бойынша құрылған.