Осы аптаның басында Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға Өзбекстанның бірінші президент, марқұм Ислам Каримовтың атын мүлдем атамауға бұйрық берілген.
«Centralasian.org» хабарлауынша, Өзбекстанның Ұлттық Телерадиокомпаниясының құрамындағы бір телеарна қызметкері өздеріне осы бұйрықты қазіргі президенттің кеңесшісі Хайриддин Сұлтанов бергенін айтқан. Оның айтуынша, өзбекстандық барлық телеарна басшыларына Ислам Каримовтың атын мүлдем атамау бұйырылған. Әрі бұл ешқандай ұсыныс емес, талап түрінде берілген. Сонымен қатар, тек қана оның есімі емес, бағдарламаларда оның ескерткіштері мен суреттері де көрсетілмеуі керек. Ал әзірге, билік тарапынан мұндай бұйрықтың неге түскені туралы ашып айтылмаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы