Көп уақыттан бері Құрама Штат туралы сын-пікір айтпаған Солтүстік Корея басшысы, соңғы санкциялар сериясынан кейін АҚШ-ты айыптап мәлімдеме жасады. Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) бұл мәлімдемесін құрылыс жобаларын аралағаннан кейін жасаған. Бұл туралы сол елдің ресми хабар агенттігі хабар таратты.
Ким Жоң Ун сөзінде: «Дұшпандардың толассыз жасаған санкциялары мен арандату әрекеттері Солтүстік Кореяның әлеуметтік дамуына шынайы тосқауыл жасағаны», – деген. Бұдан бұрын АҚШ санкцияларын қарақшылыққа теңеген Ким бір апта ішінде жарияланған екі бірдей санкцияның соңынан да Ақ үйді қатаң айыптады.
Өткен аптаның соңында Мәскеу мәлімдеме жасап, АҚШ-тың соңғы санкциялары Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздану процесіне кері әсер етуі мүмкін деп ескерткен. Алайда, Құрама Штат келіссөзден кейін Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту ісін кешіктіргенінен алаңдауда. Олар келіссөзден бұрын да экономикалық санкциялар ядролық қарусыздану толық жүзеге асқанға дейін жалғасатынын ескерткен болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді