Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.
Елбасы алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланып, көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатқанын мәлімдеді.
Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессиясының қорытындысы бойынша Сенат депутаттары салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Бесінші саммитінің нәтижелеріне арнайы тоқталды.
"Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің Конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде", – деді Мемлекет басшысы.


















Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр