Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ташкентте «Талибан» қозғалысының саяси кеңсесінің ашылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Өзбекстан СІМ-нің өкілінің сөзіне сілтеме жасап «worldbulletin.net» хабарлайды.
Бұдан бұрын аталған агенттік тәлібтер өкілінің сөзіне сілтеме жасап, қозғалыстың Өзбекстан астанасында саяси кеңсе ашқаны туралы хабар таратқан еді. Ал, өткен аптада Өзбекстан СІМ «Талибан» өкілдерінің 7-10 тамызда Ташкент қаласында келіссөздер жүргізгенін, сондай-ақ, Ауғанстандағы бейбіт келіссөздердің болашағы талқыланғанын хабарлады. Ал, маусым айында аталған ведомоства Ауғанстан үкіметімен тікелей келіссөздерге қатыстыру үшін өзбек билігінің «Талибан» қозғалысымен байланыс орнатқаны туралы хабарлаған еді. Әрі, осы жылдың 27 наурызында Ташкентте өткен Ауғанстанға қатысты халықаралық конференция нәтижесі бойынша декларацияда Ауғанстан үкіметі мен қарулы оппозициялардың, әсіресе «Талибан» қозғалысының арасындағы тікелей келіссөздердің қажет екендігі туралы мәселе көтерілген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді