Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды  ҚР Президентінің ресми сайты

Президент бас прокуратураға азаматтар құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.

Еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылғанын, ендігі жерде сапаға мән беру керек екенін мәлімдеді.

Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бас прокурорға  бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  “The Qazaq Times”