Қазақстанда 80-нен астам шетелдік телеарналардың тіркеу туралы куәліктері қайтарылып, ел аумағында хабар таратуы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
«Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында хабар тарататын барлық шетелдік теле және радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге міндетті.
2018 жылдың басынан бастап Министрлік өз өкілдіктерін ашпаған, шетелдік теле және радиоарналардың иелерімен өз қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.
Қазақстан Республикасы аумағында өз өкілдіктерін ашпаған 88 телеарнаның тізімі министрлік сайтында жарияланған.
Министрлік аталған арналардың ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрық әзірледі», - деп жазды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-те.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы