«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар мен проектілерді жүзеге асыруда. Осы орайда іске қосылған және соңғы уақытта танымалдылыққа ие жобалардың бірі - Мобильді үкімет базасында тіркелу болып табылады. Әр адам жеке сандық нөмеріне ұялы телефон номерін тіркеу арқылы қазіргі таңда 44 мемлекеттік қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Жаңа оқу жылы қарсаңында фронт-офистерде мектептер мен балабақшалар тарапанынан талап етілетін анықтамаларды алу мақсатымен келетін халықтың үлкен легі байқалады, ал мобильдік үкімет сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлерін ұялы телефон көмегімен алуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар жуырда өткізілген толықтырулар мен өзгертулерге байланысты, мобильды базада тіркелген азаматтар үшін «үшінші тұлғаларға анықтамалар» алу қолжетімді екендігін еске саламыз. Яғни, мекеме қызметкері анықтама алуға сұраныс жіберсе, азаматтар оны смс арқылы растайды. Осылайша, мемлекеттік қызметті алу оңтайландырылған. Жаңа оқу жылында сәттілік тілей отырып, мобильдік үкіметте тіркелген азаматтар қатарында болуға шақырамыз!

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы