Қазақстан өз өзін электр энергиясымен қаншалықты қамтамасыз етеді?

2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, елімізде электр энергиясын өндіру сағатына 54,8 миллиард киловатқа жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға көп. Энергия өндірісінің негізгі көлемі әдеттегідей Павлодар (республика бойынша өндірістің 42,9%-ы) және Қарағанды (12,7%) облыстарына тиесілі.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша электр энергиясын өндірудің 81,5%-ы жылу электр станцияларына (өткен жылға қарағанда 79,4%-ға көп), 8,4%-ы газ-турбина станцияларына (өткен жылға қарағанда 8,2%-ға көп), 9,7%-ы су электр станцияларына (өткен жылы 12% болды), 0,4%-ы жел (өткен жылға қарағанда 0,3%-ға көп) және  0,1%-ы Күн электр станцияларына тиесілі.

Қазіргі таңда Қазақстан өзін электр энергиясымен 98,8%-ға қамтамасыз етіп отыр. Ал экспорт көлемі соңғы жылдары 87,4%-ға артқан. Маусым айының қорытындысы бойынша, бір жылда электр энергиясының тарифі тұтынудың алғашқы деңгейінде электр плитасын қолданушылар үшін 8,7%-ға, электр плитасын қолданбайтындар үшін 14,2%-ға өскен. Алғашқылары үшін 100 киловатт-сағат электр энергиясының құны 1231 теңге, екінші топ үшін 1210 теңгені құраған.

“The Qazaq Times”