Тамыздың 4-інен 5-іне қараған түні Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді.
Данияр Елеусіновтің ісін жүргізіп жүрген "Matchroom" промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты. Тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді. Boxing Scene порталына берген сұхбатында Хирн Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қазанда АҚШ-та өтетінін айтты. Алайда ол қай күні өтетінін нақтылаған жоқ. «Бұл кезекті алты раундтық жақсы жекпе-жек болды. Кездесудің бірінші жартысына қарағанда екіншісі әлдеқайда жақсы бола түсті. Алайда біз оның тарапынан ең үздік нәтиже көру үшін деңгейімізді көтере түсуіміз қажет», - деді Хирн.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады