«Отар» 40-шы әскери базасының аумағында Армия халықаралық ойындарының «Сұңқар аңшылығы» байқауы өтті, Байқауда ҚР Қарулы Күштерінің командасы көш бастап келеді- деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
«Сұңқар» аңшылығы байқауында межеге дәл тигізу және байланысшылар жауынгерлікке жақындатылған жағдайда ақпаратты кім тез қабылдап, тарататынын айқындады. Байқаудың алғашқы кезеңінің қорытындысына сүйенсек, ҚР Қарулы Күштерінің командасы көш бастады. Екінші орында Иран өкілдері, үшінші орынға Белоруссияның қатысушылары жайғасты. Жаттығулар барысында командалар кешенді ұшуға дайындау, бейнені тіркей отырып, жердің әуе барлауын жүргізу, маршта лекті алып жүру және ҰҰА-ның бастапқы пунктке оралуы сынды тапсырмаларды орындады. Байқау жаттығуды орындауға жұмсалған жалпы уақыт бойынша бағаланды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді