Ауғанстан әскері тамыздың 2-нен 3-не қараған түні «Талибан» қозғалысының түрмесінен 61 адамды босатты, - деп хабарлайды жергілікті «Tolonews» теларнасы. Бұл туралы «lci.fr» хабарлайды.
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд қаласының Каджаки аймағында жүргізілген операция барысында 18 экстремист өлтірілді делінген. Сонымен қатар, құтқарылған азаматтардың кейбіреуіне әскери дәрігерлік көмек қажет болған. Операция кезінде тәлібтердің екеуінің көзі жойылып, тағы жетеуі тұтқынға алынған, - деп хабарлайды «lci.fr» агенттігі Ауғанстанның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кету керек, Ауғанстан билігі 7 маусымда тәлібтермен уақытша бітім жасасқан еді. Кейін ол бірнеше мәрте ұзартылды. Осы уақытша бітім кезінде Ауғанстан қалаларында жарылыстар орын алып, 40-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам ауыр жарақат алған. Тәлібтер 20 маусым күні Багдис қаласындағы әскери базаны басып алып, 30 әскериді өлтірген еді. Ал, 30 маусымда билік «Талибан» қозғалысымен уақытша бітімді тоқтататыны туралы жариялады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел