Йемендегі хоуситтер Эр-Риядтағы бір әскери базаны баллистикалық зымыранмен атқылады, деп хабарлады trt.net.
Йеменде үкіметке қарсы соғысқан хоуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы бір әскери базаны баллистикалық зымыранмен атқылағаны алға тартылды.
Ассошиэйтед Пресс хабар агенттігі бұл шабуылдың хоуситтердің Эр-Риядқа жасаған алғашқы зымыран шабуылы екенін атап көрсетті.
Сауд Арабиясы корольдігінен қазірше ресми мәлімдеме жасалмады. Хоуситтердің Сауд Арабиясына қайтадан шабуылдайтыны алға тартылды.
Хоуситтерге қарасты хабар агенттігі «SABA» жасаған мәлімдемеге қарағанда Эр-Риядта атқылаған Әл-Мазахмия базасының Йеменнің астанасы Санаға шамамен 1000 шақырым қашықтықта екені атап көрсетілді.
Араб баспасөзі Эр-Риядты атқылаған зымыранның Совет Одағы тарапынан өндірілген және «Scud» зымырандарының бір ұқсасы болған «Боркан-1» типі екені және Йеменде жетілдірілгені алға тартылды. Бұл зымыранның қашықтығының 800 шақырым екені атап көрсетілді.
Хоуситтер өткен апта да Қызыл теңізде бір сауд соғыс кемесіне жанкешті шабуыл жасаған болатын. Қайықтармен жасалған жанкешті шабуылдың артынан 2 сауд әскері қаза тапқан болатын.
Сауд Арабиясы басшылығындағы Араб коалиция күштері Йеменнің халықаралық танылған үкіметіне қолдау үшін 2015 жылы наурыз айынан бері хоуситтерді нысанаға алған әскери операциялар ұйымдастырады.
Шайқалысты жылдарды бастан кешкен Йемен үшке бөлшектеніп отыр. Елдің шығысы, орталық аймақтары мен Аден және Таизді қамтитын оңтүстік қалалар Абдураби Мансур Хадидің бақылауында.
Елдің батысы Иран қолдау берген хоуситтердің бақылауында. Бұл екі топ 2015 жылдың наурыз айынан бері қақтығысуда.
“The Qazaq Times”