26-27 шілде күндері БАӘ-де БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, БАӘ) елдері басшыларының саммиті болып етті. Осы саммитпен тұспа-тұс, БАӘ-ге ресми сапармен барған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұйым құрамында болуды қалайтынын мәлімдеген.
Йоханнесбургқа ресми сапармен барған түрік президенті Режеп Тайып Ердоған БРИКС елдерінің лидерлері Түркияның да аталған ұйым мүшесі болуына мүмкіндік беру керек деп ұсыныс жасаған. Бұл туралы «Hurriyet Daily News» Түркия басшысының сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Егер сіздер (БРИКС елдері) бізді (Түркияны) өз қатарларыңызға алсаңыздар, платформаның атауын БРИКСТ деп қайта өзгертер едік» , - деп өз ойын да жасырмады Р.Ердоған.
Бұл саммит одақтың құрылғанына он жыл толуына байланысты атаулы датаға сәйкес келгендіктен, бір жағынан есептік-қорытынды жиын ретінде ауқымды мәселелер қамтылған. Саммитте стратегиялық серіктестердің ынтымақтастары мен ұйымның одан әргі даму мәселелері сөз болған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел