AFP агенттігінің хабарлауынша, Пәкістанның Кветта қаласындағы сайлау бөлімшесінің маңында дауыс беру кезінде жарылыс орын алған. Елде бүгін, 25 шілдеде жалпыұлттық және аймақтық сайлау өтіп жатқаны туралы хабарлаған агенттік, осы жарылыс кезінде 28 адамның көз жұмғаны туралы да хабар таратты.
Соңғы зерттеулер бойынша, террорист ғимарат ішіне кірмек болған. Бірақ, полиция оны тоқтатуға тырысқан сәтте, жарылыс орын алған. Ресми органдардың хабарлауынша, қаза тапқандардан бөлек, тағы 35 адам ауыр жарақат кесірінен хәл үстінде жатыр. Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары енгізіліп, әскерилер мен арнайы қызмет өкілдерінен құралған 371 мың адам тәртіп күзетуде. Айта кету керек, Пәкістандағы сайлауалды науқан кезінде де терорлық актілер тіркелген. 13 шілде күні Мастунг қаласында террорлық шабуыл орын алып, салдарынан 150 адам қаза тапқан еді. Пәкістан үкіметі әзірге осы жарылыстардың нақты қандай террорлық ұйым тарапынан ұйымдастырылғанын анықтай алмаған. Қазіргі таңда тергеулер жүргізіліп, бұл оқиғаға жауаптылар іздестірілуде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті