Денис Тенді өлтірген қылмыскерді мақтаған физика пәнінің мұғалімі тек жұмысынан емес, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Полицейлер «ұлтаралық алауыздықты өршіту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғауда. Ал, мектеп басшылығы оның жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін жасырмаған. Орал қаласына жақын орналасқан Белес ауылы 25 жастағы мұғалім әлеуметтік желіде Денис Тенге тіл тигізгеннен кейін көпшіліктің назарына ілігуде. Бұл туралы хабарды «ca-news.org» сайты «31.kz»-ке сілтеме жасап хабарлайды.
25 жастағы мұғалім өткен аптада қаза тапқан спортшы Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтіп жатқанда оны өлтірген қаскөйлерді жақтайтынын білдірген. Оның осы сөзі халықтың ашуына тиіп, ақыры ол жұрт алдында кешірім сұрауға мәжбүр болған. Артынша, ол өзінің кім туралы жазғанын білмейтінін мәлімдеген. Алайда, бұл дау оның кешірім сұрауымен бітпеді. Ата-аналар оның жұмыстан шығарылуын талап етуде. Ал, біз ауыз сөзінен осылай от шығатынын болжамаған Шерхан Байзенов жұмысынан шығуға да разы. Бірақ, оған «ұлтаралық алауыздықты өршіту» бабы бойынша екі жылдан жеті жылға дейіні бас бостандығынан айырылу қаупі төнуде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді