Израиль Ресейдің Иран мен Сүрияға қатысты ұсынысын кері қайтарды. Айта кету керек, Ресей Израильге Сүриямен шекарада 100 шақырымдық аймақ құруға ұсыныс жасаған еді. Бұл туралы «Times of Israel» хабарлайды.
Тел-Авивтің бұл ұсынысты қабылдамау себебі — осы аймаққа ирандық әскерилердің келгеніне қарсы. Негізінен, Израиль Иран әскерилерінің Сүрияда болғанына қашаннан қарсы. Бұған дейін де хабарланғандай, Ресей мен Израиль өкілдері 23 шілдеде кездескен еді. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сүриядағы соғыс туралы сөйлесіп, кездесу соңында Ресей тарапы жоғарыдағыдай ұсыныс жасаған болатын. Алайда, Израиль бұл ұсынысты қабылдамады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді