Еуроодақ басшылығы ЕО елдерінен импортталатын автомобиль өнімдеріне Уашингтон тарапынан салық салынған жағдайда енгізілуі мүмкін контрмер тізімін дайындауда. Бұл туралы бүгін, 19 шілдеде ЕО-ның Сауда істері жөніндегі комиссары Сесилия Мальсмстрем мәлімдеді, - деп хабарлайды «lemonde.fr».
Брюссельде өткен конференцияда осындай мәлімдеме жасаған С. Мальсмстрем, ЕО-ның ресми өкілдерінің Уашингтонға сапары арадағы шиеленісті реттеуі мүмкін деп үміттенетінін де айтқан. «Егер, АҚШ автомобиль өнімдеріне осындай салық енгізетін болса, оның соңы келеңсіз жайттарға алып баруы мүмкін. Біз де, ЕО-ға мүше-елдермен бірлесіп қарсы шара дайындаймыз. Біз бұны америкалық серіктестерімізге анық білдірдік. Бұл процесс болат пен алюминий салығы енгізілген кездегідей сипат алуда» , - деді.
Айта кету керек, Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мен Сесилия Мальсмстрем жақын күндері Уашингтонға ресми сапармен бармақ. Онда олар АҚШ президенті Дональд Трамппен трансатлантикалық сауда мәселелерін талқыламақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті