Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда тұтқындалды. Бұл ақпаратты киногердің жақын танысы, PR-менеджер Әлішер Елікбаев растады.
Оның сөзінше, Қанат Бейсекеевті Иран полициясы кеше тұтқындаған. Әзірге отандасымыздың қандай айыпқа іліккені белгісіз. Тәртіп сақшылары режиссердің коптерін, хард-дисктерін және компьютерін тәркілеп үлгерген.
Қанат Бейсекеев Иранға этникалық қазақтар туралы деректі фильм түсіруге барыпты. Осыған дейін ол Өзбекстан мен Монғолиядағы қандастарымыз жайында кино әзірлеген еді.
Әзірге, еліміздің Сырты істер министрлігі бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті