Иран Әскери теңіз күштері Йемен жағалауына екі соғыс кемесін жіберді. Бұл соғыс кемелері әскери тікұшақтар тасымалдауға қабілетті екені айтылуда. «Тасним» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иранның екі әскери кемесі Йеменнің Араб теңізі жағалауындағы Аден шығанағына барған. Аден шығанағы Араб теңізі, Қызыл теңіз тіпті тұтас Үнді мұхитындағы стратегиялық маңызды су жағалауы болып есептеледі. Иран соғыс кемелерінің бұл шығанаққа келуі, Сауда Арабиясының әскери күштеріне қауіп төндіретіні айтылуда.
Айта кетейік, Йемендегі соғыста Сауд Арабиясы үкімет күштеріне қолдау көрсетіп келеді. Сонымен бірге, Эр-Рияд билігі Иранды Хусит күштеріне қолдау көрсетіп, Йемендегі соғысты тудырды деп айыптайды. Әрі, Сауд Арабиясына бағытталған зымыран шабуылдарын да Иранның қолдауында жүзеге асып келеді деп қарайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы