Ауғанстан билігі 17 жылдан бері алғаш рет «Талибан» қозғалысымен бітім жасасты, - деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани атысты тоқтату жөніндегі осы келімшарт көпжылдық қантөгіске нүкте қояды деп үміттенеді. Естеріңізге сала кетсек, 2001 жылы АҚШ-тың қарулы күштері Ауғанстанға кіргеннен кейін «Талибан» қозғалысының мүшелері Кабул қаласында ресми үкіметке қарсы террорлық қарсылыққа кіріскен болатын. 2001 жылдан бергі 17 жыл ішінде Ауғанстан әлі күнге дейін әскери қақтығыс жағдайында еді. Енді, Кабул билігі Талибандармен екіжақты бітімге келді.