Еуродақ елдері АҚШ-тан шығарылатын, жалпы көлемі 2,8 миллиард еуролық тауарларға айыппұлдық баж салығын енгізуді бірауыздан қолдады. «DW» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Еурокомиссияның бейсенбі,14 маусымда таралған хабарында айтылған.
Брюссельде кездескен ЕО елдерінің өкілдері Еурокомиссия тарапынан ұсынылған тізімді мақұлдаған. Ол тізімнің арасында болаттан жасалған бұйымдар, бурбон алкогольді ішімдігі, жержаңғақ майы, «Harley Davidson» мотоциклдері және «Levi's» джинсы киімдері бар. Еурокомиссия аталған шешім алдымен Еуродақ елдеріне салынған 25 пайыз көлеміндегі баж салығы осы жылдың 1 шілдесінде күшіне енгеннен кейін шығарылады деп хабарлады. Енді, 1 шілдеден бастап Канада да АҚШ-тан шығарылатын тауарларға 16,6 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде айыппұлдық баж салығын енгізеді деп күтілуде. Ал, Мексика АҚШ-тан шығарылатын ауылшаруашылық өнімдеріне тарифті 20 %-ға арттырған.
Еске салайық, АҚШ осы жылдың 1 маусымнан бастап Еуродақ, Мексика және Канада елдерінен импортталатын алюминийге 10-пайыздық, ал болатқа 25-пайыздық баж салығын енгізген еді. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бұл шешімін америкалық өндірістің «құлдырауымен» түсіндірген болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті