Төрткүл дүние көз тіккен доп додасына әлемнің ең үздік 32 құрамасы қатысады. Ала допқа арбалған ағайын асыға күткен аламанның ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Араға 2 сағат салып, алаң қожайындары Ресей құрамасы Сауд Арабиясының мықтыларымен күш сынасады.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанатын тамашалауға әлемнің 20-дан аса мемлекет басшысы келеді деп күтілуде. Сыйлы меймандардың арасында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар. FIFA басшысы Джанни Инфантиноның айтуынша, Ресей елі жарысты өткізуге толық дайын. Елде су жаңа стадиондар салынып, инфрақұрылым анағұрлым жақсарған. Одан бөлек, қауіпсіздік шараларына да жіті мән беріліп отыр.
Биылғы әлем чемпионатында біраз өзгеріс бар. Мәселен, төрешілер адамдардың нәсіліне, дініне қарсы бағытталған қандай да бір іс-әрекетті байқап қалса, ойынды тоқтатуына болады. Тіпті, оларға матчты кейінге шегеріп тастай алатын құзырет берілген.
Ресей елі футболдан әлем чемпионатын өз тарихында алғаш рет өткізгелі жатыр. Тартысты ойындарды тамашалауға бөлінген билеттердің барлығы осы күні сатылып біткен. Халықаралық футбол федерациясы 2,5 миллион билеттің ең көбін ресейліктер алды дейді.
Әлем чемпионаты тұп-тура бір айға созылады. Ақтық кездесу 15 шілдеге белгіленген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді