Қытай үкіметінің ресми мәлімдемесіне қарағанда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео бейсенбі күні (14 маусымда) Қытайға ресми сапармен бармақ. Бұл туралы VOA ақпараттық агенттігі хабарлаған.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметінде: «Қытай СІМ басшысы Уаң Ий мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және маңызды халықаралық, өңірлік мәселелердегі ортақ мүдделер турасында кеңес өткізеді», – делінген.
Помпео сейсенбі күні Сингапурда жасаған мәлімдемесінде, сәрсенбі күні Сеул сапарында, бейсенбі күні Бейжің сапарында болатынын айтқан. Әрі бұл сапары Корей түбегін қарусыздандыру ісін жеделдету мақсатында жасалатынын жеткізген.
Помпео осы аптада бірқатар маңызды кездесулер мен іс-сапарда болды. Сингапурдағы Трамп-Ким саммитінде Құрама Штат делегациясына жетекшілік етті, сондай-ақ, Трамп пен Ким Жоң Ун арасындағы кеңейтілген келіссөзге қатысты. Ал саммиттен кейін ол аймақтағы елдерге келіссөз нәтижесін жариялады.
Бұдан, АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореямен өткізген дипломатиялық байланыстардан кейін, Қытаймен арадағы байланыстарды реттеуге кіріскені байқалады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес