Иран президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонда сөйлесіп, АҚШ президенті Трамп Иран ядролық келісімінен бас тартып, экономикалық санкцияларды жолға қойғаннан кейін, келісімге қол қойған Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей және Қытайға өтем ақы төлеу тәсілдерін ойластыру керек деген ойын жеткізген. Ол сөзінде: «Егер, Иран 2015 жылғы әлемнің алты ірі елімен жасасқан келісімнен пайда көре алмаса, онда бұл келісімді жалғастыру қиын», – деді. Бұл туралы VOA басылымы хабарлады.

2015 жылы тарихи Иран ядролық келісімі жасалып, оған сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама қол қойған болатын. Келісімге сәйкес, әлемдік державалар Иранға бағытталған санкцияларды тоқтатуға келіскен. Алайда, Трамп Иран ядролық келісімінде кемшіліктер бар деп тауып, Иранның ядролық бағдарламаларына орай тудыратын «нашар келісім» деп бағалады.

Дегенмен, Трамп шешіміне қарамастан Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай аталған келісімді жалғастыруға тырысты. Иран президенті жазбаша мәлімдемесінде: «Біз осы дипломатиялық жетістіктерді, өз уәдесін орындамайтын басқа тараптардың бір жақты әрекеттеріне байланысты жоймауға тиіспіз», – деген.

Хабарға қарағанда Франция президенті өзінің келісімді табанды жалғастыратынын білдірген.

“The Qazaq Times”