Қырғызстанды менингит меңдеді деген хабар тарады. Елге түрлі мессенджер арқылы жеткізіліп жатқан ескертуден кейін, тұрғындар тысқа шығудан шошынып қалыпты. Бұл туралы ел басылымдары жарыса жазуда.
Тіпті, Қазақстаннан тараған жұқпалы дерттен 2 сәби жұмыпты-мыс. Алайда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтердің барлығын жоққа шығарды. Айтуларынша, жыл басынан бері көрші елде 12 адам қауіпті дертке шалдыққан екен. Алайда көз жұмғандар жоқ. Сондықтан дәрігерлер елді сабырға шақырып, жалған мәлімет таратқандарды жауапкершілікке тартуды талап етуде.
Қазақстанда небәрі жарты жылда 13 адам менигиттен қаза тапқан. Оның алтауы 14 жасқа толмаған жеткіншектер.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті