Бүгін, 12 маусым сейсенбі, Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун тарихи кездесу өткізді.
Трамп пен Ким Жоң Ун Сентоза шағын аралындағы Capella қонақ үйінің залында кездескеннен кейін, бір-бірін келіссөз залына қарай бастады. Жылы сөздермен басталған алғашқы бірер ауыз диалогтан кейін, екі ел лауазымдылары БАҚ өкілдерін шығарып жіберіп, келіссөздің негізгі бөлегіне кіріскен.
Келіссөз нәтижесі туралы қазірге дейін толық мәлімет таратылған жоқ. Дегенмен, АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарудан «Толық, қадағалаулы және қайталанбайтын» шарттар негізінде бас тартуды талап еткен. Оның есесіне Солтүстік Кореяның экономикалық өркендеуіне, бейбіт һәм жарқын болашаққа қарай дамуына көмек көрсетуге уәде еткен.
Солтүстік Корея осыған дейін де, ядролық қарудан бас тартатынын мәлімдеген. Тек қауіпсіздігі мен тұрақтылығына АҚШ-тың кепілдік беруі қажет екенін айтып келген.
Тараптар кезекті саммитте осы мәселелерді талқыламақ.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді