Сауд-Арбия билігі мұрагер ханзада Мұхаммед Бин Салманның қайтыс болғаны туралы хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды france24.com/fr агенттігі. Мұндай хабардың таралуына ханзаданың біраз уақыттан бері жұрт көзіне көрінбеуі себеп болған.
Лондонда жарық көретін «Asharq Al-Awsat» басылымы ханзада Салман мен Ливияның премьер-министрі Файяз Саррадждың кездесу барысындағы суреттерін жариялап, ақпарат таратқан. Бұдан бұрын, ирандық ақпарат құралдарының хабарлауымен 21 сәуірдегі жүзеге асырылмай қалған мемлекеттік төңкеріс кезінде Салманның қаза тапқаны туралы ақпарат кеңінен тарап кеткен еді. Оның үстіне, араб ақпарат құралдарының хабарлауынша, ханзада туралы осындай қауесеттің таралуына Сауд-Арабиясы ресми ұйымдарының тарапынан оның тірі екендігіне қатысты ешқандай ақпарат берілмегені себеп болған. Қазірдің өзінде, бұған дейін ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да өте белсенділік танытып жүрген ханзада ақпарат алаңынан көрінбей жүр. Тіпті, кейбір саясаткерлер мен сарапшылар оның денсаулығына қатысты кінәрат бар болуы мүмкін деген болжамдар айтуда. Дегенмен, жоғарыда хабарлағанымыздай, Сауд-Арабия үкіметі оның тірі екенін мәлімдеген.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр