ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында республика азаматтарына жемқорлыққа қатысты үндеу жариялады.
«Әрбіріміз қазіргі уақытта да, болашақта да сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп айтатын болсақ, әрбір қазақстандық жемқорлықты жеңуге болатынына сенетін болса, елдегі сыбайлас жемқорлықты жеңу әбден мүмкін екеніне көзім жетті. Ең бастысы, әрбір азаматтың қазірден бастап осыған ұмтылуы маңызды. Достар, егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық орын алып жатқанына куә болсаңыз, яғни пара ұсынылып немесе беріліп жатқанын көрсеңіз, бюджет қаржысының ұрлануы жоспарланып жатқанын білсеңіз, қызметін асыра пайдалану орын алып жатқанына куәгер болсаңыз дереу агенттікке хабарласыңыздар» , - деді ведомоства басшысы. Оның айтуынша, бірде-бір қоңырау қараусыз қалмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратпен бөліскен азаматтарға құпиялылық пен құқықтық қорғауға кепілдеме беріледі. Егер, ақпарат расталған жағдайда, ақпаратпен бөлісуші 240 мың теңгеге ($730) дейін сыйақы ала алады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді