Сүрияның инфрақұрылымын қалпына келтіріп, бейбіт өмір қалыптастыру үшін өте едәуір деңгейде көмек керек. Ал оған ТМД елдері көмектесе алады. Бұл туралы ТМД елдері Қорғаныс мекемелері басшыларының отырысында Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.
Сүриядағы қауіпсіздікті бірлесіп қана орнатуға болады деген ол, жиын барысында әріптестеріне Сүрия Араб Республикасындағы бейбіт өмірді қалыптастыруға күш жұмсауға шақырды. "ТМД елдері Сүрияны минасыздандыру, территорияны торуылдап, гуманитарлық көмек көрсетіп, соғыс салдарынан қиратылған инфрақұрылымды қалпына келтіре алады", - деді ол. Сонымен қатар, Сүрия территориясының ауқымды бөлігі террористерден тазартылып, саяси реттеу мен мемлекеттік бірлікті қалпына келтіруге жағдай жасалғанын айтты.