Қытай үкіметі виза талабын бұзды деген желеумен 90-ға келген қазақ қариясын қамауға алған. Кейуана өзінің ұлымен өткен айдың соңында тұтқындалған екен. Құқық қорғау органдары оларды "қос азаматтығы үшін" айыптап, қысым көрсеткен деседі. Алайда біздің ведомство бұл мәселеге араша түсіп, қандастарымызды Қазақстанға қайтарып алыпты. Бұл туралы еліміздің сырты істер министрлігі өкілдері хабарлады.
Олардың айтуынша, 90-дағы қарт әжей Шыңжаң аймағында дүниеге келген екен. Былтыр наурыз айында арғы беттегі туыстарына бару үшін 1 айға виза аштырыпты. Кейін, Қытай елінде жүруіне рұқсат беретін құжат мерзімін ұзартуды ұмытып кеткен. Сондықтан қытайлық полицейлер этникалық қазақты дереу қамауға алған.
Осы мәселеден хабардар болған еліміздің сырты істер министрлігі қазақ әжейіне дереу араша түскен екен. Қытайдағы қазақ елшілігі қытайлық құқық қорғау органдарымен ымыраға келіп, отандастарымызды Қазақстанға қайтарып алыпты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті