Сингапурда өткен Азия елдерінің қорғаныс өкілдері саммитінде өңірдің ұзақ мерзімді қауіпсіздік мәселелері, тұрақтылықты сақтау, даулы мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Азия елдерінің және өзге құрлықтың бірнеше елінен келген қорғаныс министрлері өңірдегі ең өзекті деген бірнеше тақырыпта ойларын ортаға салды.
Әлем ақпарат көздерінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, саммиттегі ең қызу талқыға тиек болған тақырып – Оңтүстік Қытай теңізі мәселесі мен Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы.
Қысқа уақыт ішінде құбылып тұрған Солтүстік Корея мәселесінде тараптар ядролық қарусыздану ісін табанды жүргізу керек дегенге келісті. Жапонияның қорғаныс министрі Итсунори Онодера сөзінде: «Біз Солтүстік Кореяны келіссөз үстеліне келгені үшін ғана құрметтей алмаймыз. Солтүстік Кореяны ядролық қаруын толық жоюға көндіру керек. Осыдан бұрынғы келісімде де Солтүстік Кореяның қару бағдарламаларына жол берілді», – деді.
Кезекті саммитте АҚШ тарабы Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде кеңейе түскен милитаризациясын айыптаған еді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді