Солтүстік Корея СІМ басшысы алғаш рет Уашингтонға сапарлай барып, АҚШ президенті мен және мемлекеттік хатшысымен кездесті. Бұл сапарында Солтүстік Корея сыртқы істер министрі алда болатын Тармп-Ким арасындағы кездесудің күн тәртібі туралы кеңесті. АҚШ президентінінің жасаған мәлімдемесінде, кездесудің келісілген уақыт пен орында өтетіні анық болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп журналистердің сұрағына жауап беріп: «12 маусымда Ким Жоң Унмен кездесетін болам. Дегенмен, барлық мәселе бір реткі кездесуде шешіле салмайды. Кездесудің екінші, үшінші туры болуы ғажап емес. Тіпті, біржола кездеспей қалуымыз да мүмкін», – деді.
Трамптың жасаған мәлімдемесіне қарағанда, кездесудің дайындықтары ойдағыдай жалғасуда. Екі ел арасында дипломатиялық байланыстар барған сайын дамып келеді. Екі елдің лауазымдылары Уашингтонда сәтті кездесулерді өткерген. Бұл жолы да Ким Жоң Ун Трампқа өз қолымен хат жазып жіберген.
АҚШ пен Солтүстік Корея дипломатиясы дами түскен кезеңде, Қытай мен Ресей тарабы да Пиоңяң билігімен байланыстарын жиілете түсті.