Менингит Қызылордаға да ауыз салды. Өңірде 27 жастағы тұрғын қауіпті дертке шалдығып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар науқастың жағдайы тым ауыр деп отыр. Бұл туралы аймақ басылымдары жазды.
Былтырғы жылдан бері Қызылорда облысында менингит жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеген екен. Қазір дәрігерлер қатерлі дертке шалдыққан тұрғынмен қарым-қатынас жасаған 11 адамды тексеріп жатыр.
Келесі апта өңірде менингитке қарсы епке жасау науқаны басталмақ. Медиктер кез келген тұрғын өзіне вакцина жасай алады дейді. Құны - 22 мың теңге.
Қазақстанда биылғы жылдың өзінде менингиттен 8 адам қаза тапқан. Қазір Алматыда осындай дертке шалдыққан 30 науқас ем қабылдап жатыр екен.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі