Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан 170 этникалық қазақтың барын айтты. Ведомство басшысы көрші елдегі әрбір қандасымыздың жағдайы бізді алаңдатып отыр деді. Бұл туралы tengrinews.kz порталы хабарлады.
"Бізде Қытайда қысым көріп жатқан 170 қандасымыз туралы ақпарат бар. Оларға қатысты мәліметті арғы беттегі қазақтардың туыстары және қоғам белсенділері бізге алып келіп берді. Бұл мәселе бізді де алаңдатып отыр. Білуімше, олар Қазақстанның азаматтығын алып үлгерген. Елге қайтып оралар кезде, Қытай билігі оларды шекарадан асырмай, қамап тастапты" - деді, Қайрат Әбдірахманов.
Сондай-ақ, министр Қазақстанның азаматтығын алып үлгермеген қандастарымызға көмектесу тым қиын болатынын айтты. Өйткені, Вена конвенциясына сәйкес, басқа мемлекеттер өзге елдің ішкі саясатына араласа алмайды.
Қазіргі күні қамауда болған 9 отандасымыз бостандыққа шыққан. Тағы 3 қандасымызды елге қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр