Италияда наурыз айындағы сайлауда жеңіске жеткен еуроскептиктер партиясы мен ЕО-мен бірлесуді қолдаушы саясаткерлер арасында саяси текетірес күшеюде. Бұл туралы lemonde.fr басылымы жариялады.
Бұл саяси дағдарыс қалай туындады?
Италиядағы осы саяси текетірес ел президенті Серджо Матарелланың 81 жастағы экономист Паоло Савонаның экономика және қаржы министрі лауазымына кандидатурасын қабылдаудан бас тартқан шешімімен басталды. Бәрі айналып келгенде, еуроға қатысты келіспеушілікке келіп тіреледі. Ал, Савона — еуроинтерация мен Италияның еуроаймаққа қосылуына қарсы шығушы. Яғни, президент Маттарела Савонаға бола, үкіметтің барлық құрамын қабылдамады. Осыдан кейін «Бес жұлдыз» («Movimento 5 Stelle») популисттік қозғалысы мен антииммигранттық «Солтүстік Лига» («Lega Nord») партиясы тарапынан тағайындалған жаңа премьер-министр Джузеппе Конте мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтып, үкіметті басқарудан бас тартты.
Айта кету керек, ІІ Дүниежүзілік соғыстан бері Италияда барлығы 64 үкімет ауысқан екен. «Бес жұлдыз» партиясының лидері Луиджи Ди Майо президентке қатысты импичмент процедурасын бастауға шақыруда.
Негізінен, Италия экономикасы — көлемі бойынша еуроаймақтағы үшінші экономика. Яғни, экономистер соңғы бірнеше жылдан бері оның ешқандай дамымағанын айтуда. Осы аймақтағы өзгерістерді бақылаушы ЕО мен Әлемдік нарық еуроаймақ елдерінің 2010-2011 жылдардағы қарыз дағдарысы толықтай реттелгенмен, әлі шешімін таппағанын мәлімдеді. Ал, Маттарела жақын уақытта мерзімінен бұрын сайлау туралы шешім қабылдайтынын айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы