АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Твиттер парақшасында жасаған мәлімдемесіне қарағанда, АҚШ пен КХДР лидерлерінің келіссөзі туралы алдын ала кеңесу үшін делегация тобы Солтүстік Кореяға барған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
АҚШ делегациясының басты мақсаты екі ел басшысының кездесуін тұрақтандыру. Трамп осы туралы мәлімдей келіп: « Солтүстік Кореяның әлеуетті ел екенін, бір күндері үлкен экономика мен қаржыға ие ел болатынына сенемін. Ким Жоң Ун да менің көзқарасыма қосылады», – деді.
АҚШ Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде, АҚШ делегациясы екі Корея шекарасындағы қарусыздандырылған аймақ Панмунжом жерінде Солтүстік Корея өкілдерімен кездескені айтылды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы