Еуропа одағы Ресейді 2014 жылы апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 ұшағына қатысты кінәлілерді табуға көмектесіп, өзінің осы іске қатысты жауапкершілігін мойындауға шақырды.
Бұл туралы Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Фредерика Могерини мәлімдеді, деп хабарлайды fr.euronews.com агенттігі.
«Еуродаққа мүше 28 елдің барлығы осы апатты кім ұйымдастырғанын анықтау үшін бірікті. Біз Ресейді осы істегі жауапкершілігін мойнына алып, кінәлілерді анықтау жұмыстарына қатысуға шақырамыз», - деп мәлімдеді Могерини.
Естеріңізе салсақ, Австралия мен Нидерланд елдері МН17 рейсін жасап, апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 ұшағы үшін жауапкершіліктің бәрін ресми түрде Ресейге артқан еді.
Айта кету керек, 2014 жылдың 17 шілдесінде Украина территориясында сол ұшақта қаза тапқан 270 адамның туыстарынан құралған топ Ресейге қарсы ұжымдық сот ісін дайындаған. «Malaysia Airlines» авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған болатын. Ұшақтағы 298 адамның бәрі қаза тауып, 2014 жылдың тамыз айында Халықаралық тергеу тобы құрылған еді.
Ал, 2016 жылдың 28 қыркүйегінде Халықаралық тергеу тобы малайзиялық Boeing-777 ұшақ апатының зерттеу нәтижелерін ресми түрде жариялады. Зерттеу нәтижелері ұшаққа Ресей территориясынан Донбассқа жеткізілген ЗРК Бук арқылы соққы берілген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді