Жексенбі, 27 мамыр күні Израиль ХАМАС күштерінің әрекетіне тосқауыл жасау үшін Зиким жағажайы төңірегінде теңіз бөгетінің құрылысын бастады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Авигдор Либерман «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасаған.
«Газа шекарасынан Израильге теңіз арқылы өту мүмкіндігіне тосқауыл жасайтын мұндай бөгет басқа еш жерде жоқ», - деген мәлімдемесінде министр. Оның сөзінше, теңіз бөгетінің арқасында ХАМАС күштері өздерінің тағы бір стратегиялық мүмкіндіктерінн айырылды. Израиль Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бөгет құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Айта кету керек, теңіз бөгетін салу шешімі 2014 жылы ХАМАС белсенділері Израиль территориясына теңіз арқылы басып кіргеннен кейін қабылданған еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті