Қазақстандық Юлия Галышева екінші «алтынға»  қол жеткізді

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева дүниежүзілік 28-қысқы универсиадада өзінің екінші алтынына қол жеткізді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Фото: vesti.kz

Галышева ресейлік Елизовета Безгодованы паралледі могул бойынша 17:8 есебімен жеңді. Алғашқы алтынын спортшымыз 2 ақпан күнгі могулан алған болатын.

Қазір «Универсиада-2017» нәтижесі бойынша, Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында.

Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға сегізінші алтын әкелді

Универсиада-2017.  Бүгінгі ерлер арасында өткен параллелді могул сайысында жерлесіміз Дмитрий Рейхард жеңімпаз деп танылып, қоржынымызға сегізінші алтын қосты.

Фото: almaty2017.com

Осы сайыста ресейлік Сергей Шимбуев күміс жүлдегер атанса, тағы бір қазақстандық спортшымыз Павел Колмаков үшінші орын иеленді.

Айта кетейік, Рейхард осы могул сайысынан алғашқы медалін иемденсе, дәл сол сайыста ел қоржынына Колмаков та өзінің алғашқы «қола» жүлдесін иемденген.

Сонымен ел қоржынында, сегіз алтын, екі күміс, сегіз қола жүлде бар.

«The Qazaq Times»