Жұма, 25 мамыр күні Газа секторында палестиналықтар мен израильдік әскерилер арасында тағы да қақтығыс орын алды. Қақтығыс салдарынан бір адам қаза тауып, 86 адам жарақаттанған. Бұл туралы «DW» телеарнасы хабарлайды.
Израильдік денсаулық сақтау органдарында қаза тапқан ер адамға оқ тиген. Ал жарақаттанғандардың көпшілігі көзді жасаурататын газ бен атыс қаруларынан жарақаттанған.
«Израильдік әскерилердің айтуларынша, шамамен 1600 палестиналық оларға тас атқылап, шекарадағы қоршауды бұзбақшы болған». Одан бөлек, дөңгелектерді өртеп, израильдік әскерилерге қарата жарылғыш құрылғылар лақтырған. Сонымен қатар, Иордан өзенінің батыс жағалауында израильдік әскерилер мен палестиналық топтардың арасында да шағын қақтығыс орын алған.
ХАМАС тобының жетекшілері Израиль шекарасының маңындағы наразылыққа шығушылар орналасқан лагерьге келіп, апта сайынғы митингтерін жалғастыра беретіндіктерін хабарлаған. Ресми ұйымдардың айтуларынша, 2012 жылдың 30 наурызынан бері Газа секторы аймағындағы қақтығыста 121 адам қаза тапқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді