Болгария мемлекетінің Қауіпсіздік министрі Красимир Каракачанов НАТО мен Еуропа Одағынан Ресей мен Түркияның Балқандағы ықпалын азайтуды сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды 24heures.ch.
Черногория үкіметі, АҚШ елшілігі және НАТО-ның бастамасымен Черногорияның Будва қаласында ұйымдастырылған халықаралық қауіпсіздік форумында сөз алған Болгария Қауіпсіздік министрі К.Каракачанов, Балқандағы елдердің әрекетіне байланысты Болгарияға төнген қауіпке алаңдайтынын білдірді.
«Саясатымыз айдан анық. Мүшелік мәселесінің нақтыланып, аймақтағы барлық елдердің ЕО пен НАТО мүшесі болғанын қалаймыз. Егер, нақты ойларымызды ұсынбасақ, ғасырлар бойы осы аймақта ықпалын жүргізуге тырысқан елдер әрекетке көшпек. Бұл жерде, біз Түркия мен Ресей туралы айтып отырмыз. Екі ел де 200 жылдан бері Балқанда», - деді, К.Каракачанов. Брюссель саясатының арқасында Түркия мен Ресейдің Батыс Балқанға іріткі салып әрі тұрақсыздық орнату арқылы осындағы елдердің ішкі мәселелеріне килігіп жүргенін тілге тиек еткен Каракачанов, ЕО-ның осы мәселеге салғырт қарамауын сұрады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы