Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлерді ант беруге міндеттемек. Көрші ел билігі "Мемлекеттік қызмет жөніндегі" жаңа заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.
Заң жобасының 55-бабында мемлекеттік қызметке бірінші рет кіріскен тұлға төмендегідей ант қабылдамақ:
«Өзбекстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, мемлекеттік қызмет ұстанымдарына сай жүруге және өзіме жүктелген міндетті адал атқаруға ант етемін. Антты бұзған жағдайда заңға сәйкес жауапқа тартыламын».
Осыдан кейін ант қабылдаған мемлекеттік қызметкер ант мәтініне қол қойып, оны қабылдайды.
Сарапшылар мемлекеттік қызметкерлердің ант беруі - елдегі жемқорлықты жоюға ықпалдасады деп отыр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы