Иранның мемлекеттік телеарналарының хабарына қарағанда, президент Рухани сол елдегі Ливанның жаңа өкілетті елшісін қабылдаған. Кездесуде Иран президенті Ливанмен жан-жақты қарым-қатынастарды тереңдететінін мәлімдеген. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Қабылдауда Иран президенті Хасан Рухани мен Хасан Аббас Ливанның өңірдегі стратегиялық салмағы туралы ортақ пікірлерді ортаға салған. Иран басшысы Ливанды өңірдегі аса маңызды ел деп бағалап, алдағы уақытта Теһран (Тегеран) мен Бейрут арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға сөз берген.
Иран тарабы Израиль күштерінің шабуылдарына қарсы және Ливандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшін салатынын жеткізген. Бұл алдағы уақытта Теһран тарабының Ливанда әскери қадамдарды арттыратынын түсіндіреді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы