AFP ақпарат агенттігі палестиналықтар мен израильдік әскерилер арасындағы қақтығыс құрбандары санының 55 адамға жеткенін хабарлайды.
Палестинаның БҰҰ-ғы өкілі Рияд Мансұр қаза тапқандардың арасында 16 жастағы сегіз баланың бар екенін айтты. Палестиналықтардың жаппай қарсылық шаралары 14 мамын күні таңертең басталған еді. Оның ең басты себептерінің бірі — АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшіріліп, салтанатты түрде ашылуы еді.
Айта кету керек, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі де «Қауіпсіздік кеңесі палестиналық азаматтық тұлғалардың өлтірілуіне байланысты өкініш білдіріп, қарсылық танытады», - мәлімдеме жасап, АҚШ-қа жолдаған еді. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де осы мәселеге байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы болады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы