Кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео Солтүстік Кореяның орталық қаласы Пиоңяңға ресми сапармен барды. Мақсаты - алда болатын АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының тарихи кездесуіне дайындық жұмыстарын талқылау. Алайда, осымен бір уақытта Оңтүстік Корея президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасап, Помпео Солтүстік Корея сапарында сол елде қамауға алынған 3 америкалық азаматты босату мәселесін сөйлесетінін айтқан. Бұл туралы VOA NEWS ақпараттық агенттігі хабарлады.
Трамп үкіметі алдағы Трамп пен Ким арасындағы кездесуге ізгі ниетін көрсету негізінде Ким режимінен қамаудағы америкалық азаматтарды босатуды талап етіп келген. Помпео бұл талапты Мемлекеттік хатшы болып тағайындалудан бұрын, Орталық Барлау Агенттігінің директоры ретінде осы жылдың наурыз-сәуір айларындағы құпия сапарында да Ким Жоң Унға жеткізген.
Помпео сәрсенбі күні Пиоңяңға (Пхеньян) аттанар алдында журналистерге: «Бүгін біз осы мәселе туралы сөйлесеміз, олар бұл талабымызды (қамаудағы америкалықтарды босату) қабылдаса, бұл келелі іс болар еді»,– деді. Сейсенбі күні бұл сапары туралы сұраған президент Трампқа «жақсы жаңалықты күтіңіздер», – деген сөзін де айтқан.
Солтүстік Кореяда қамалған америкалық азаматтардың екеуі сол елдегі бірден бір жеке меншік жоғары оқу орнында сабақ берген. Олар 2017 жылдың бас шенінде қамауға алынған. Тағы бір америкалық азаматтар – Ким Доң Же Солтүстік Кореяның Луоксиан қаласында 2015 жылы қазан айында тұтқындалған еді. Оған тыңшылық айыбы тағылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді