Өзбекстан президенті қауіпсіздік қызметінің жетекшіс Абдурахим Муминов қызметінен алынып, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Ташкент жол қозғалысы қауіпсіздігі басқарма басшысы, полковник Барат Маменовқа қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Аты-жөнін айтуды жөн көрмеген өзбек шенеунігі жоғарыдағы ауыз-түйіске және қозғалған қылмыстық іске 23-24 сәуірде Түркіменстан президентінің келуі қарсаңында болған жағдай себеп болды дейді. Бұл оқиға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің ашуына тиген.
"Президент Ташкенттегі нысандардың бірін қарап жүрген. Осы уақытта жол инспектордың бірі дәл осы ауданмен өтуді шешкен. Президенттің қауіпсіздік қызметіндегі адамдар оған рұқсат берген. Бірақ тыныш, ешқандай шусыз өтуін сұраған. Бірақ жол инспекторы қатты жылдамдықпен сиренаны қосып өткен. Мұның бәрін президент Шавкат Мирзияев көрген," – дейді Ташкент жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасында істейтін қызметкердің бірі.
Ол Барат Маменов әскери абақтыға бес күнге қамалғанын айтады.
Ал Абдурахим Муминов Өзбекстан президенті қауіпсіздік қызметі басшылығына 2016 жылы келген болатын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы