Ресей орыстары өздері сайлаған президентіне қарсы шықты. Бір жағынан Ресей орыстары Путинге қарсы 10 жылға созылған экономикалық стагнация, екінші жағынан Путин Қырымды украиндерден тартып алып берді. Бұл оңай олжа дейді қарапайым орыс адамы. Олар мәз.
Путинді Ресейде жақтаушылар тым көп, бірақ тұрмыс құрғыр қысып барады. Ал Путин саясатын өзгертпейді, шегінбейді де, Ресей билігі қиындықты төзуді шақырады. Жұтып алған Қырымды Ресей қорытып сіңіріп алу керек. Батыс елдерінің (АҚШ пен Еуропалық Одақ-НАТО) санкциялары қысып барады, мұнай бағасы әлі биік , сол қаржы қиындықты әзірше төзуге мүмкіндік береді. Болжауы қиын мәселе орыстың қиындыққа төзу шегінде. Өзін нағыз орыспын деп сезінетін Путин кері шегінетін түрі жоқ, ал Батыс та Ресеймен ымыраласқысы келмейді. Әйтеуір Үшінші Дүниежүзілік соғыс басталған жоқ , есесіне Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы басталғанына төрт жылдай(2014) болды. Естеріңде болса Бірінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы КСРО-ның – СССР-дың құлауымен аяқталған. Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы Ресейдің ыдырауымен бітетініне ұқсайды. Менің ойымша: неғұрлым Ресей Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы ұзаққа созылса -әсіресе Шығыс Украинада және Сүрияда соғыс ұзақ созылса материалдық шығын, әскери шығындар өсе берсе -соншама моральдық психологиялық жағдай Ресейде нашарлайды. Неғұрлым Батыс елдерінің (АҚШ пен Еувропалық Одақ-НАТО) санкциялары қыса берсе, мұнай бағасы төмендесе қиындықты төзуге мүмкіндік азая береді. Орыс жұрты да адам: олар да ет пен теріден жаралаған. Олар да күндердің күнінде бұрқ етіп жанып, лап етеді де көшеге шығып тұрып алады, сонда ешкім орысты не тоқтата, не көндіре алмайды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі