Швед академиясы әлемге танымал Нобель жүлдесінің әдебиет саласы бойынша табысталмайтынын мәлімдеді. Академияның мұндай шешім қабылдауына оның бір қызметкерінің күйеуінің жыныстық қылмысқа қатыстылығы себеп болған деп хабарлайды Би-Би-Си.
Енді әдебиет саласы бойынша Нобель – 2018 сыйлығы жүлдегерге Нобель - 2019 жүлдегерімен бірге табыстамақ. Сонымен қатар, академия бұл шешімді қоғамға деген сенімділіктің жоғалуына байланысты қабылдағанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын «Dagens Nyheter» басылымы Швед академиясының мүшесі болып табылатын ақын Катарина Фростенсонның күйеуін әшкерелейтін материалдар жариялаған. Басылымның хабарлауынша, ақынның 71 жастағы күйеуі, тегі француз режиссер әрі фотограф Жан-Клод Арноның 20 жыл бойы әйелдерге жыныстық зорлық көрсеткені туралы 18 әйел шағым түсірген.
Тарихқа көз жүгіртсек, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында, сонымен қатар, жүлдеге лайықты еңбек жоқ деп тапқан 1935 жылы Нобель жүлдесі жеті мәрте табысталмай қалған екен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті